Басты Жаңалықтар Түркістан облысында 70-ке тарта жылқыны барымталап әкеткен ұрылар тобы қолға түсті

Түркістан облысында 70-ке тарта жылқыны барымталап әкеткен ұрылар тобы қолға түсті

Олар  өткен жылдың көктемінде Бәйдібек ауданы аумағында жайылып жүрген 30 жылқыны айдап әкеткен. Бұдан кейін де осы аймақтың бірнеше тұрғыны 40 шақты малынан айырылып қалғанын айтып, полицияға шағым түсіреді. Оңай олжаға әбден дәніккен топ бірнеше айда базар бағасымен есептегенде 30 миллион теңгенің малын ұрлаған. Оларды іздеуге Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Криминалдық полиция басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы топ жасақталды. Жедел іздестіру ісінің сәтті жүруі нәтижесінде күдіктілер ақыры құрықталды. Оның біреуі Түркістан облысының тұрғыны. Қылмыстық іс қозғалды.  

Салтанат Қаракөзова, облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

- Тергеу барысында осы күдікті азаматтың 4 жайтқа қатысы бар екені анықталып отыр. Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр. Бірнеше айғақты зат алынған. Жылқылар өз иелеріне қайтарылды. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу