Шымкентте мүмкіндігі шектеулі 50 азамат кәсіптік мамандық алып, жұмысқа орналасты
Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі 50 азамат қысқамерзімді кәсіптік оқыту курсын тәмамдап, мамандық алып шықты. Олар тігінші, ағаш ұстасы, маникюр шебері, кассир, ЭЕМ операторы сияқты нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алды. Енді бұл азаматтар осы білімді пайдаланып, әрі қарай өздеріне ыңғайлы жұмыс табуына мүмкіндік туып отыр.
Жалпы, өткен жылы 2 мыңға жуық азамат қысқа мерзім ішінде кәсіптік білім алып шыққан. Оның 83-і мүмкіндігі шектеулі азамат. Бүгінде солардың 70 пайыздан астамы ебі мен қалауына қарай тұрақты жұмыс істеп жүр.
Әлібек Досболов, ЭЕМ операторы:
- Компьютерден сабақ беруге жұмысқа тұрдым. Курс кезінде Word, Excel бағдарламасы және Photoshopпен, сайттармен жұмыс істеуді үйрендім.
Ғани ҚАЛМАХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы