Жасөспірімдер қылмысының алдын алуға бағытталған онкүндік өтті
Шымкент мектептерінде құқықбұзушылықтың алдын алу онкүндігі өтті. Білім басқармасы мен прокуратураның бірлесіп өткізген шарасының әрбір күні жеке тақырыпқа арналды. Мәселен, суицидтің алдын алу мақсатында оқушылар әкесіне, анасына немесе жақын туыстарына ішкі ойларын қағазға түсіріп, хат жазды. Келесі күні салауатты өмір салтын ұстану, жат әдеттерден жирену жайында мамандар кеңесін тыңдады. Спорттық ойындардың жарысы өтті. Шараны «Мен бос уақытымды қалай өткіземін?» тақырыбы қорытындылады. Бұл күні шаһардағы 147 мектеп ата-аналарға өздеріндегі үйірме жұмыстарын көрсетті. Бүгінгі таңда әрбір білім ұясында 20-ға тарта үйірме жастарды түрлі өнерге баулиды. Олар өнер-біліммен қоса, ІТ-сыныптар мен робототехника, қол өнер мен спорттық бағыттарды қамтиды. Осындай кешенді тәрбие жұмыстарының нәтижесінде қала мектептеріндегі құқықбұзушылық оқиғалары 28 пайызға төмендеп отыр.
Жанар Тойлыбаева, Шымкент қаласы №23 мектеп директоры:
- Адамды ең бірінші біліммен сусындатпай тұрып, тәрбие нәрін беріп алу керек. Егер балаға тәрбие дұрыс берілсе, ол бала өзі-ақ білімге құштар болып өседі. Ата-анасын құрметтеуге, үлкенді сыйлауға, Отанын сүюге бейім болады.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы