Түркістан облысындағы «Көксарай» су реттегішіне тартылған каналдың арнасын су шайып кетті
Түркістан облысында Сырдария өзенінен «Көксарай» су реттегішіне қарай тартылған каналдың арнасы бұзылып, төтенше жағдай орын алды. Ағыстың екпінімен жағалаудағы бөгеттің 500 метр жерін су шайып кеткен. Төтенше жағдайлар қызметі «Қазсушар» мекемесімен бірлесіп, үш күн бойы арнаны бекітті. Оған 18 техника мен 30 адам жұмылдырылды.
Ананың бұзылған жеріне 6 300 текше метр тас аралас топырақ төгілді. Жағалаудағы топырақ қабаты барынша қалыңдатылып, нығыздалды. Қазір өзен суынан төңіректегі ауылдар мен елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ.
Нұрғали Жүнісов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:
- Ешқандай қауіп-қатер жоқ. Облысымыздағы су қоймалары 40-45 пайызға толды.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы