Басты Жаңалықтар Шымкентте тіркеу құжатынсыз жұмыс істеп келген 270 шетел азаматы өз еліне қайтарылды

Шымкентте тіркеу құжатынсыз жұмыс істеп келген 270 шетел азаматы өз еліне қайтарылды

Табыс табу үшін келген мигранттардың басым бөлігі - өзбекстандық. Бес күнге созылған «Мигрант» жедел профилактикалық шарасы кезінде еліміздің көші-қон заңнамаларын бұзған 442 азамат анықталды. Олардың барлығының кінәсі толық дәлелденіп, заң алдында жауапқа тартылды. 51-не әкімшілік айыппұл салынып, тағы 84-і қамауға алынды.

Сондай-ақ, құқықбұзушылардың 14-і сот шешімімен ел аумағынан шығарылса, 89 шетелдіктің Қазақстан аумағында болу мерзімі қысқартылды. Жалпы, өткен жылы, көші-қон қызметі басқармасы осындай 2 879 әкімшілік құқықбұзышылықты анықтаған. Оның ішінде 8 жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жәнібек Мырзалиев, қалалық Көші-қон қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы:

- Оның ішінде шетелдіктермен 2 526 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осы атқарылған іс-шаралар нәтижесінде жергілікті бюджетке 9 миллион 904 мың теңге айыппұл өндірілді.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу