Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстарына дайындық басталды
Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстарына дайындық басталды. Фитосанитариялық диагностика қызметінің мәліметінше биыл өңірде 83 мың гектар аумаққа зиянкестердің таралуы қаупі бар. Егістікті жайпап, көк өскінді баудай түсеретін шегірткенің марокколық және азиялық түрі жылда Сарыағаш, Келес, Шардара, мен Арыс аудандарының алқаптарынан бас көтереді.
Енді бірер аптаның ішінде бұл жерлердің барлығына химиялық улы дәрілер шашылып, залалсыздандыру шарасы жүргізілмек. Ал, анықтау-зерттеу жұмысының сапасын бақылау үшін 90 маман жұмылдырылып, оларға 44 қызметтік автокөлік бөлінді. Жыл сайын жүргізіліп келе жатқан осындай кешенді жұмыстар нәтижесінде өңірдегі шегірткенің аса қауіпті түрі таралатын аумақ 3 есеге қысқарған.
Нұржан Кашкенов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық инспекциясының басшысы:
Аудан, қала әкімдіктерінде бұл жұмыстарға, жұмыспен қамту орталығынан 185 адам тобы құрылып, 47 жұмысшы тобы әзірленіп, 11 штаб құрылды. Барлық аудандар да. 29 су тасушы техникалары дайын.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы