Павлодарда жылына 26 мың тонна хлор шығарылады
Ал, еркін экономикалық аймақта жұмыс істеп жатқан химиялық кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы Астана қаласының арқасында еселеніп өсіп келеді.
Қазір мұнда жылына 26 мың тонна хлор шығарылады. Өнімнің негізгі тұтынушыларының бірі - Астана қаласы.
Еліміздің бас шаһарының «Су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнына ай сайын 35 тонна сұйық хлор жөнелтіледі.
Бұл - ауызсу қоймаларындағы тазалықтың сақталуын, күнделікті ішіп отырған тіршілік нәрінің сапалы болуын қамтамасыз етуде маңыздылығы аса жоғары өнім. Тіпті, стратегиялық мәні де бар.
Сондықтан, Елорда тұрғындарына қызмет көрсету павлодарлық кәсіпорын үшін аса жауапкершілікті қажет етеді.
Ерлан Орымбеков, «Каустик» АҚ басқарма басшысы:
Астана бізден хлордан басқа өнімдерді де алып жатыр. Қазірдің өзінде қала тұрғындарының саны 700 мыңнан асты. Енді бірер жылда алып мегаполиске айналатынына сенімдіміз. Сондықтан, Астанамыз өркендеген сайын біздің кәсіпорынның да жобалық қуаты өсе береді. 2017 жылы хлор өндірісін 52 мың тоннаға жеткіземіз.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08