Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыста қаза тапқан сарбаздарға құрмет көрсетілді
Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақ сарбаздары ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. 1995 жылдың 7 сәуірінде Отан алдындағы әскери борышын жат жерде өтеп жүрген қандастарымыз лаңкестердің шабуылына тап болып, үлкен шайқасқа түскен. Дәл осы қақтығыста қазақстандық 17 сарбаз ерлікпен қаза тауып, тағы 30-дан астамы ауыр жараланған. Қарсыластардың күші басымырақ болғанымен, біздің әскер алдарына қойылған міндетті орындап шықты.
Мұхамедқали Сатов, ҚР Ұлттық Ұланы Бас қолбасшысының орынбасары:
- Біз тәжік халқына көмек көрсеттік. Тәжік халқы ерлік көрсеткен біздің сарбаздарымызды ешқашан ұмытпайды.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16