Меркі ауданында былтыр іске қосылған консерві зауыты шикізатқа зәру
Үдемелі-индустриялық даму бағдарламасы аясында Жамбыл облысының Меркі ауданында былтыр іске қосылған консерві зауыты шикізат тапшылығынан әлі күнге тірлігін ширата алмай отыр.
Кәсіпорында 4 бірдей өндірістік желі жұмыс істейді. Оның әрқайсы жылына тұтынуға дайын 400 тоннадай өнім шығарады.
Диқандардың дені ұсақ шаруашылық болған соң сұранысты қанағаттандыра алмайды. Оның үстіне көкөніс пен жемістің сапасы да көңілден шықпайды.
Консерві зауытына тығырықтан шығатын мұнан өзге тағы екі жол бар. Оның бірі – аудан көлемінен егістік жер алып, көкөністі өздері өсіру.
Екінші – диқандарға алдын ала несиеге қаражат беріп, қажет өнімге тапсырыс беру.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16