Құртқа патент алады
Жамбыл облысындағы «Меркі» зауытында құрт жасалып шығарылатын болды. Оған халықаралық деңгейдегі патент те бар. Ал бұған дейін осы сарысуды қажетсіз өнім ретінде босқа төгіп тастайтын.
Сарысудан құртты бөліп алу үшін зауыт технологтары үш жылдай уақытын сарп етті. Сол үшін кәсіпорын жанынан лактозалық цех іске қосылды. Нәтижесінде альбуминдік тұнба қосу арқылы сары судан қоймалжың шикізат алынған.
Сырт пішіні бұған дейінгі құрттан айырмасы жоқ өнім, дәмінің өзгешелігімен ерекшеленеді. Адам ағазасы үшін пайдасы да зор.
Сондай-ақ, кәсіпорын келешекте сүт фермасын ашуды да жоспарлап отыр. Оған жергілікті билікпен келісе отырып, Аспара ауылы маңынан 520 гектар жер бөліп алды.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27