Оңтүстікте облыс әкімінің қатысуымен тарихи мемориалды кешен ашылды
Сақтар, ғұндар, қаңлылар, тағысын тағылар... Қазақ Тәуелсіз ел боламын дегенше 20-дан астам мемлекеттік құрылымға бас біріктірді. Оның қай қайсысы да тек ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Ал, хандық тұсында қазақ тілі мен ділі, әдеті мен ғұрпы арқылы дараланды. Тасқа басқан тарихымызды кейінгі ұрпақтың санасында қалдыру бүгінгі буынның парызы. Осы ретте Шымкент шаһарында ат шаптырым аумаққа созылған этно-тарихи кешен бой көтерді. Этносаябақтың тарихи бөлігі – Бәйдібек би ескерткішінен бастау алады. Бұл – шахардың ең биік жері. Одан әрі «Ұлы Жібек жолы» сәулеттік композициясы мен мұндалайды. Ұзындығы 50 метрлік тарихи белгі ежелгі Сауран, Яссы, Отырар, Исфиджаб секілді көне шаһарлардың арасын жалғаған кереуен жолының бағытын сипаттап тұр. Тарихи кешен ішкі туризмнің дамуына да үлес қоспақ. Қожа Ахмет Яссауи, Домалақ ана, Бәйдібек би кесенесі, Қазығұрт тауындағы Нұқ пайғамбардың кемесі. Осы секілді 27 тарихи ескерткіштің шағын көшірме нұсқасы бір жерге шоғырланды. Ал, қайықпен серуендеуге арналған «Жайлаукөлді» жағалай қазақ ауылы қоныс тепкен. Саябақта серуендеу үшін 2 жарым шақырым соқпақ та салынды.
Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Шымкент қаласы ірі мегаполистер қатарына қосылуына байланысты қаланың көркеюі, бүгінгі ашылып отырған этнокешен осы айтылған Елбасы саясатын іске асыруда өзіндік үлесін қосып отырған, осыны айқындайтын үлкен жоба деп, айтуға болады.
Ғани ҚАЛМАХАН
Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Шымкент қаласы ірі мегаполистер қатарына қосылуына байланысты қаланың көркеюі, бүгінгі ашылып отырған этнокешен осы айтылған Елбасы саясатын іске асыруда өзіндік үлесін қосып отырған, осыны айқындайтын үлкен жоба деп, айтуға болады.
Ғани ҚАЛМАХАН
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27