Басты Жаңалықтар Ақпараттық қауіпсіздігіміз қандай деңгейде?

Ақпараттық қауіпсіздігіміз қандай деңгейде?

Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі хақында қоғамымызда аз айтылып жүрген жоқ. Интернеттің, түрлі шетелдік телеарналардың кері әсері жайлы түрлі сарапшылар мен қоғамдық ұйымдар да дабыл қағып жүр, Үкімет те бұл мәселе назарымызда деп жауап қатып келеді. Ал шынтуайтына келгенде, сол ақпараттық қауіпсіздігіміз қандай деңгейде?

Айталық, еліміздің шекараға жақын аймақтарында әлі күнге көрші мемлекеттердің жаңалығы мен киносын көріп, әнін тыңдап, концертін тамашалап отырған жерлестеріміз бар. Олар үшін отандық ақпарат мүлдем жетпейді. Себебі, көрші елдердің антенналары біздің байланыстың қуатын басып тастап отыр. 

Нәтижесінде, азаматтарымыз Қытай мен өзбектің, Қырғыз бен Ресейдің радиоларын тыңдап, телехабарларын көруге мәжбүр. Ал осыдан кейін қандай ақпараттық қауіпсіздік жөнінде айтуға болады?!

Осы аптаның сәрсенбісінде бір топ Мәжіліс депутаты дәл осы мәселені көтеріп, Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевке сауал жолдады. Атап айтсақ, депутат Қуаныш Сұлтанов көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақтардың ақпараттық қауіпсіздік технологияларын жаңа сапаға көтеру қажет, -деген ұсыныс айтты. Біздің тілшілер Ауданнан алыс, орталықтан шалғайда жатқан ағайын отырған ауылдардың ахуалын біліп қайтты.

Ақпараттық қауіпсіздікті, шетел телеарналарының ықпалын айтамыз-ау, осы аптада Павлодар облысының тұрғыны Руза Бейсенбайтегін қоғамдық көлік жүргізушісінен мемлекеттік тілде хабарландыру жасауын талап еткені үшін полиция қызметкерлері қамауға алып, Әкімшілік кодекстің 334-бабы бойынша жазаға тартпақшы. Әзірге ақпараттық қауіпсіздіктің жайы міне, осындай. Бәлкім жағдайдың түзелгенін алдағы апталардан, келер күннен көрерміз.

Мирас МҰҚАШ

Самат САПАРАЛЫ

Ғани ҚАЛМАХАН

Бөлісу