Басты Жаңалықтар Алматы облысындағы жерлестер форумының жемісі

Алматы облысындағы жерлестер форумының жемісі

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Алматы облысы Сарқан ауданының тумалары туған жерінде бас қосты. Киелі Сарқан өңірінде Мұхамеджан Тынышбаев, Мұқан Төлебаев, Мұхтар Арын сынды ұлт зиялылары дүниеге келген. Дәл осы туған жерінен қуат алып, әр салада елі мен жеріне тер төгіп жүрген азаматтар әлі де жетерлік. Жерлестер форумында олар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениеті мен руханиятына өз үлесін қосуға дайын екендіктерін жеткізді. Ақылдаса келе ел мақтанышы, дарынды тұлғалар композитор Еркеғали Рахмадиевке, ағартушы-ғалым Мұхтар Арынға және соғыс ардагері, генерал-лейтенант Әбдіқадыр Болсамбековқа ескерткіш тұрғызамыз деп уағдаласты.

Мұрат Ұрымханов, облыстық ІІД бастығы:

 - Біз ұжым болып, ардагерлер кеңесі болып күш салып, генерал-майор, ұстазымыз Әбдіқадыр Болсамбековтың ескерткішін қоюға сенім білдіремін. Себебі, соғыс ардагері 90-ға келгенше жастарға ақылын айтып, кеңесін беріп, бірнеше буын құқық қорғаушыларды тәрбиелеп өсірді.  

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Бөлісу