Денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражат көлемі артты
Медицина саласы бойынша Елбасы Жолдауындағы қойылған тапсырмалар міндетті түрде орындалуы керек.
Алғашқы медициналық көмек көрсету сапасын көтеруге, аурудың алдын алу шараларын күшейтуге, медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге баса көңіл бөлінуі тиіс.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау мекемесін мамандармен қамтамасыз ету, ауруханалар мен ауылдық дәрігерлік амбулаториялар құрылысын басты назарда ұстаған жөн.
Осы мәселелерді Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова жетісулық медицина қызметкерлерімен бірге талқылады.
2013 жылы облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті 60 миллиард теңге болса, биыл бұл салаға бөлінген қаржы 68 миллиард теңгеге жетіп отыр. Тек өткен жылдың өзінде 30 денсаулық сақтау мекемесінің құрылысы жүргізілді. Биыл 41 нысан салынады. Өңірге соңғы бір жылда жоғары оқу орнын бітірген 134 дәрігер келген.
Салидат Қайырбекова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Әкіммен кездескенде басты көтерілген мәселе - кадр тапшылығын жою. Дәрігер мамандарды тарту үшін қолға алынуы тиісті шаралар, жас мамандарға жасалатын жағдай туралы айтылды. Әсіресе, ауылды жерлерге баратын дәрігерлер жайы. Осының бәрін облыс басшысымен бірге талқыладық. Менің ойымша, кезең-кезеңімен жүзеге асады. Облыс басшысы бар жағдайды жасайтындығын айтты. Сондай-ақ, денсаулық саласын модернизациялау арқылы қызмет көрсету сапасын көтеру жайы басты назарда болады.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05