1 сәуірден бастап Қазақстанда қызылшаға қарсы екпе жұмыстары басталады
Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин айтты. Екпе келесі 3 топтың арасында жүргізіледі. Алғашқысы - 9 ай мен 12 жас аралығындағы балалар. Екіншісі - екпе статусы белгісіз немесе мүлдем жоқ адамдар. Соңғысы - медицина қызметкерлері арасында. Жыл басынан бастап елімізде 4670 адам қызылша ауруына шалдыққан. Оның 71 пайызы - балалар. Соңғы 1 аптада ғана республика бойынша қызылшаға қатысты 450 жағдай тіркелген. «Сондықтан жуық арада екпе жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр», дейді мамандар.
Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:
- Вакцинациядан бас тарту – аурудың таралуының ең бірінші себебі.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16